• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Тамыз, 2017

Өтініш, талап-тілектер-жауапкершілік жүктейді

563 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы «Атамекен» өңірлік палатасында Парламент Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» ҚДП-сы фракциясының мүшесі Меруерт Қазбекова өңір кәсіпкерлерімен, музейде іскер әйелдермен кездесті.

Кездесу  барысы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылауға арналды.

-Мақала рухани-этикалық қағидаттарға бағыттала отырып, экономиканың да маңызды мәселелерін де қозғайды. Сондықтан, «Ақ жол» партиясы  еліміздің өркенді әлеуетті экономикалық даму жолын және ұлттың рухани жаңғыруының маңызды негіздерін қолдайды, – деп атап өтті Меруерт Қазбекова.

-Ал, бизнес халықтың мұқтаж мәселелеріне жақын болуы керек. Сондықтан, жұмыспен қамту бағдарламаларының шағын және орта бизнеске нақты түрде қатысы бар. Яғни, шағын және орта бизнес саласына қатысты салық саясатындағы қолданыстағы тәсілдерді қайта қарау қажет. Соның бірі- жаңадан құрылатын бизнесті салықтан босату мәселесі» - дейді депутат. Екіншіден,  «Ақ жол» париясы Шағын және орта бизнесті дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын қабылдау қажет деп есептейтінін де атап өтті. 

Сондай-ақ, еліміздегі әйелдер бизнесі саласы да айтарлықтай табыстарға қол жеткізуде. Іскер әйелдер деген жаңаша атау пайда болды. Олар өз кәсіпорындарын дамытып,  іскерліктерін көрсетуде. Ауылда да әйелдер бизнесі қолға алына бастады. Ел дамуындағы әйелдердің үлесі, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, бизнестегі әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру-аса маңызды. Өңірдегі Іскер әйелдер кеңесінде бизнестің әртүрлі салаларында қызмет ететін 20 кәсіпкер әйел бар. Өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің мәліметінше, облыста бизнеспен айналысатын әйелдер саны 25 мыңнан асқан.

Сонымен бірге, Меруерт Қазбекова кәсіпкерлермен  кездесуінде еліміздің Парламент Мәжілісінің атқаратын жалпы жұмысы туралы, «Ақ жол» ҚДП-ның парламенттік фракциясының қызметі жайлы хабардар етті.

Мәжілістің 6-шы шақырылымындағы 2-ші сессиясында «Ақ жолдықтар» тарапынан заң жобаларын талқылау кезінде 700 ұсыныс түссе, әр сала бойынша 63 сұраным жіберіліпті. Парламент Мәжілісінің отырыстарында

Меруерт Қазбекованың айтуынша «Ақ жолдықтар»  осы жайлар бойынша  жиі мәселе көтерген. Солардың бірі-еліміздегі  балалар емханасын қайтадан қалпына келтіру, педиатр мамандарын даярлау сияқты өзекті  жайлар бар.

-Елбасы мақаласы бәрімізге ой салды. Соған сай қорытындылар жасадық.  Рухани жаңғыру – бұл тек қана ой-толғану емес, мақалада іс жүзінде іске асырылатын міндеттер айтылғаны белгілі. Өйткені, біз құндылықтарымызға негізделген экономика жасау жолында бірлесе еңбек етіп, қызмет жасаудамыз, – деді депутат М. Қазбекова

Кездесуге жиналған кәсіпкерлер депутатқа өздерінің  өтініш-тілектерін айтты. Сондықтан, М. Қазбекова айтылған барлық мәселелер, өтініштер қаралып, «Ақ жол»  партиясы депутаттарының алдағы жұмыс барысында жалғасын табатынын жеткізді.

 «Жалпы кездесудің мақсаты – депутаттың  сайлаушылар алдында есеп беруі. Екіншіден,алдағы  жаңа сессияда қызмет жасау үшін сіздерден түскен жаңа тапсырмалар, тілектері орындау, бұл үлкен жауапкершілік,– деп атап өтті депутат.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлода