• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Тамыз, 2017

Қомақты пара алған экс-директорға қатысты сот басталды

179 рет
көрсетілді

Ақпан айында 2 миллион теңге пара алды деген күдікпен «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ облыстық филилалының  директоры Асқар Жанкин ұсталып,  қамалған болатын.

«Пара алу арқылы А. Жанкин орындалмаған жұмыстарды жасырып қалған. Яғни, мердігер компания Қызылжар ауданындағы 948-ші шақырымда орналасқан «У Ксюши» дәмханасының маңында байқау эстакадасын және демалыс күркесін орнатулары тиіс еді. Бұдан бөлек, «Лана» дәмханасынан «Оңтүстік» бақылау бекетіне дейінгі жолда қоршау тұрғызылу керек еді. Бірақ, бұл жұмыстар  атқарылмаған. Істің соңы пара алумен аяқталған», дейді прокурор Рауан Бостанов.

Қүдікті өз кінәсін толық мойындағандықтан, қорғаушы қылмыстық істі қысқартылған тәртіппен қарауды ұсынып, өтінішті судья қабыл алды.

Қорғаушы айыпталушы жазаны айыппұл ретінде өтесе деген тағы бір ұсыныс түсірді. Оның  мөлшері  120 млн теңге.

Судьяның қандай үкім шығаратыны келесі отырыста белгілі болады.

Бұдан бөлек  делдалдық қызмет атқарған тағы екі адамға қатысты  қылмыстық іс қозғалып отыр.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы