• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Тамыз, 2017

Арнасайда скауттар слеті өтеді

244 рет
көрсетілді

Аталған шара үшін шатырлы қалашық тігіледі. Сол жерде өтетін скауттар слетіне жеті мыңнан астам адам қатысады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Слет аясында квесттер, бағдар алу және құзға шығу элементтері бар жаяу сапарлар, спорттық және танымдық ойындар, бөренелерден уақытша құрылыс салу (пионеринг), кешкі шаралар, тренингтер мен шеберханалар ұйымдастырылады. Шараға Астана, Павлодар, Қостанай мен Шымкент қалаларынан 29 жасқа дейінгі жеті мыңнан астам скаут қатысады деген болжам бар.

«Скауттар слеті - бұл барлық скауттарды біріктіретін шара. Олар қоғамдық маңызы бар жұмыстарын тағы бір мәрте пысықтап, осы саладағы қызметті ары қарай жалғастыру жайын талқылайды. Скауттар өзара тәжірибе алмасып, күштерін сынайды, жаңа бір нәрсеге үйренеді әрі жағымды эмоция алады», - делінген ұйымдастырушылардың ресми xабарламасында.

Айта кетейік, слет 12-15 тамызы аралығында Астанадан 35 шақырым жерде орналасқан Арнасай ауылында өтеді. Шара ұйымдастырушылары - Астана қаласының жастар саясаты басқармасы және Қазақстанның скаут қозғалысы.