• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Тамыз, 2017

Көлік саласының үздіктері марапатталды

252 рет
көрсетілді

Кәсіпшілер одағы ұйымының 25 жылдығына орай 500-ден астам көлік саласының майталмаңдары мен қызметкерлері құрметке бөленді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Көлік қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара кезінде кәсіподақтың мерейтойлық белгісіне кәсіпшілер одағы ұйымының төрағасының бұрыңғы орынбасары Аманкелді Байжұманов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдік желі Дирекциясының кәсіподақ төрағасы Балжан Ботатаева, «Жолаушылар тасымалы» АҚ аймақтық «Солтүстік» филиалының жолсерігі Кенжеболат Мұқанов ие болды.

Алуан түрлі марапаттар кәсіподақ үздіктеріне жыл соңына дейін беріледі. Қазіргі таңда кәсіподақ 120 мыңнан астам теміржол, автомобиль, әуе және су көлігінің қызметкерлерін біріктіріп отыр.

«Сала мен кәсіподақ басшылығының бірігіп нығаюы арқасында, көлік кешенінде еңбекке деген қабілеттілік сақталынып, сонымен қатар әлеуметтік тұрақтылықпен қамтамасыз етілді», - деді «Қазкөліккәсіп» төрағасы О.Ахметбаев.

Айта кететін жайт, биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында  ұжымдық шартта ескерілген барлық кепілдіктер мен төлемдер сақталды. Қазір 2018-2020 жылдарына арналған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыратын салалық келісімшарт пен ұжымдық шартты дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.