• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Тамыз, 2017

Бас мүфти қажылық фирмаларына қызмет сапасын арттыруды тапсырды

247 рет
көрсетілді

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен қажылық сапарын ұйымдастыру жұмыстарына қатысты арнайы басқосу өтті, — деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Алқалы жиынға мүфтияттың шешімімен қызмет көрсетуге қабілетті деп танылған компания басшылары қатысты. Жиында сөз алған Ержан қажы Малғажыұлы қажылық фирмалары жетекшілеріне қызмет сапасына аса мән беруді тапсырды.

«Қажылық маусымы кезеңінде елімізден аттанған қажыларымызға оларға берген уәделеріңіз бойынша қызмет көрсетілуі шарт. Арнайы дайындалған қажылық пакеттеріне (эконом, стандарт) сай қызмет көрсетіңіздер», – деп атап өтті Бас мүфти.

Сондай-ақ, аталған басқосуда қажылардың жол қауіпсіздігі, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, уағыз айту, қажылық парыздары, әдептері мен шарттарын түсіндіру сияқты өзге де мәселелер сөз болды. ҚМДБ төрағасы осы мәселелер бойынша Қажылық бөлімі мен қажылық компания жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.