• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Тамыз, 2017

Игі істерге ел куә

208 рет
көрсетілді

Қазақ жұрты тәуелсіздік босағасынан аттағалы бері әлемнің алпауыт елдерімен үзеңгі қағыстыруға талпынды. Осы мақсатта Елбасы Н.Назарбаев бүгінге дейін қаншама нақты реформаларды жүргізгені белгілі. Президенттің сарабдал саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарыштап даму жолына түстік.

Президент Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауын қалың бұқара арасына кеңінен насихаттау − бәріміздің міндетіміз. Осы мақсатта Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттарынан, облыс пен аудан және ауыл әкімдігінен, сондай-ақ мекеме қызметкерлері тарапынан үгіт-насихат тобы құрылып, әртүрлі іс-шаралар өтеді. Мен де ауылымыздағы ақпараттық-насихаттық топтың мүшесімін және оны мақтан тұтамын.

 Жолдауда атап көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар ауданымызда, қала берді ауылымызда жүзеге асып жатқандығына куә болып жүрміз. Атап айтқанда, былтыр Шардара ауданы Достық елді мекеніндегі 400 орындық мәдениет үйінің ғимараты 108 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтті. «Достық» жалпы орта мектебінде 2009 жылы 9,5 млн теңгеге, 2012 жылы 32 млн теңгеге, 2016 жылы 19,456 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары облыстық бюджеттің қаржыландыруымен жүргізілді. Ескі 140 орындық балабақша 2014-2015 жылдары республикалық, облыстық бюджеттің есебінен бөлінген 2 млн 95 мың теңге қаржыға ағымдағы жөндеуден өткен.

Елді мекенімізде орта­лық­тандырылған ауыз су құбыры бар. Судың сапасы қанағаттанарлық. 1978 жылы салынған нысанды «Шардара ауыл сервис» ММК 2011 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 78 млн 644 мың теңгеге қайта құрылымдаудан өткізді. Ауылдың ішкі көшелерінің жалпы ұзындығы 1991 жылға дейін 935 метрді құраса, ол көрсеткіш бүгінде 1505 метрге жетіп отыр. Көшелерге қиыршық тас, асфальт төселіп, жаңартылып толығымен орташа жөндеуден өтті.

 Қазіргі таңда ауылдың ішкі жүйелерін электрлендіру бо­йынша 4 млн 43 мың теңгеге ЖСҚ дайындалуда. Ауылымызда баспана мәселесі де оңтайлы шешіліп келеді. Қазір тұрғын үй алабына бөлінген жер учаскесінің аумағында жасалынып жатқан бас жоспардың оңайлатылған сызбасы бекітіліп, толығымен орындалды. Бұдан бөлек, жаңадан коммуналдық 3 тұрғын үйдің құрылыс жұмыс­тары жүргізілуде, келер жылдың наурыз айында аяқта­лады деп күтілуде. Ал ауылымызда өте­тін мәдени іс-шаралардың саны да жеткілікті. Мінеки, Елба­сы­мыздың Жолдауларында айтыл­ған мәселелер біздің ауылымызда да осылайша қарқынды түрде жүзеге асып келеді.

Қорыта айтқанда, жаңа жағ­дайдағы рухани жаңғыру баршамыздан жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайын­дықты және ұмтылысты қажет етеді. Өйткені біз айрықша сер­пін­ділікпен жылжып жатқан зымыран уақытта өмір сүруде­міз. Жалпы, бағдардан айқын көзқарас, жаһандану дәуірін­де қалай да ұлт ретіндегі өз ерек­ше­лігін сақтап, даму мұратынан туған күрескерлік, жаңашылдық аңғарылады. Осы қасиеттер намыс туын үнемі тік ұстайтын қазақ деген халықтың әрбір азаматының бойына дарыса, нұр үстіне нұр болар еді.

Нұрбас ИСА

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шардара ауданы,

Достық ауылы