• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Жеңіл атлетика 08 Тамыз, 2017

Рыпакова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

217 рет
көрсетілді

Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына тұңғыш медаль салды.

Қазақстандық жеңіл атлет үш қарғып секіруде 14,77 метрге жетіп, қола медальға ие болды. Бұл сында Венесуэла спортшысы Юлимар Рохас (14,91 метр) бірінші орын алса, күміс медальды колумбиялық Катрин Ибаргуэнге (14,89) еншіледі.

Осыған дейін Рыпакованың бір ғана мүмкіндікпен әлем чемпионатының финалына шыққан болатын. Ол іріктеу кезеңінде 14,57 метр көрсеткішке жетіп, үздік нәтиже көрсеткен еді. Айта кетейік, Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионаты 13 тамызда аяқталады.