• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Тамыз, 2017

Астаналықтар өңірлік ауылшаруашылық жәрмеңкелерінен 12 мыңнан астам азық-түлік өнімін сатып алды

125 рет
көрсетілді

Айта кеткен жөн, өңірден әкелініп жатқан азық-түлік өнім көлемі артуда, деп хабарланды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жыл басынан елорда тұрғындары мен қонақтары ауылшаруашылық жәрмеңкелерден 12 мыңнан астам азық-түлік өнімін сатып алды. Бүгінде 32 жәрмеңке өткізілген, дегенмен өңірлерден тасымалданып жатқан азық-түлік өнім көлемі селеп артуда.

Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз айында небары 300 тоннаға жуық азық-түлік өнімі сатылса,бүгінде астаналықтар бір келгенде 1000-ға жуық тонна азық-түлік өнімін сатып алады. Ауылшаруашылық басқармасынан хабарланғандай, бақша өнімдері, көкөніс, жеміс-жидектер мен қант өнімі елорда тұрғындарының жоғары сұранысына ие.

«Қарбыз, қауын тез сатылып кетеді. Қазір «тосап» маусымы болғандықтан жеміс-жидектер, көкөністер, қияр, қызанақ, картоп тез сатылады. Ет өніміне сұраныс азайды», - деді Ауылшарушылық басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бөлімнің басшысы Ризагүл Мүслімова.

Оның сөзіне қарағанда, азық-түлік өнімдері белгіленген әрі бекітілген баға бойынша сатылады. Саудагерлердің бағаны қымбаттатуға құқысы жоқ. Мәселен, ет өнімі әдетте 1250 теңгеден сатылады, ал базарларда бұл баға 1800-ге дейін жетеді.

«Біз азық-түлік өнімін бекітілген баға бойынша сатпаған кәсіпкерлерді жазалаймыз. Баға нарыққа байланысты қойылады. Кей кездері тұрғындар баға базарларда әлдеқайда төмен деп шығамданып жатады. Бұл шындық, нарыз заманы, саудагерлер өз сатушыларын жоғатлып алмауы үшін бағаны төмендетіп өздігінен реттейді», - деді  Ризагүл Мүслімова.

Ауылшаруашылық басқармасынан хабарлан,андай, тазалық пен тәртіп арнайы қызметтің күнделікті бақылауында. Санитарлық дәрігерлер барлық азық-түлік өнімін тексереді.

Өңіраралық жәрмеңкелер Астанада қазан айына дейін өткізіледі. Бұл ЭКСПО көрмесі кезінде халықты азық-түлік өнімімен қамтамасыз ету мақсатында жасалынады.  Жәрмеңкелер «Қазақстан» СК тұрақ аумағында және «Алтай» СО-да өткізілуде.