• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Тамыз, 2017

Қарағандыда Кеңес Одағының батыры Мартбек Мамыраевтың мүсіні ашылды

460 рет
көрсетілді

Қарағандының Октябрь ауданындағы әскери-техникалық мектеп жанында Кеңес Одағының батыры Мартбек Мамыраевтың салтанатты түрде мүсіні ашылды. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери-техникалық мектеп Мартбек Мамыраевтің атын иеленген. Мүсіннің авторы сәулетші Эли Качуев. Салатантты ашылуында батырдың туыстары мен қызы Клара Мартбекқызы Мамыраева, сонымен қатар қалалық мәслихат хатшысы Құдайберген Бексұлтанов, Октябрь ауданының әкімі Әлімжан Қанаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Сейфуллұлы Аймағамбетов қатысты. 

Мартбек Мамыраев - 1908 жылы 2 наурызда №20 ауылда (қазіргі Қарқаралы ауданының Ақжол ауылында) дүниеге келген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. Днепрды алуда танытқан әскери ерлігі үшін Мартбек Мамыраевқа КСРО Жоғары Кеңесінің Президиум Жарлығымен 1944 жылы 15 қаңтарда Кеңес Одағының батыры атағы мен Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалі берілген. Кеңес әскерінің құрамынан демобилизацияланған соң Мартбек Мамыраев Киров атындағы шахтада партия ұйымын басқарды, одан кейін Қрағанды қаласының Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды, кеншілер астанасы атқару комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланды. Өмірінің соңғы кезінде ол химия-металлургия институтында еңбек етті.