• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Тамыз, 2017

Нархоз SAP университеттік альянстың бағдарламасына қосылды

340 рет
көрсетілді

Тағы бір қазақстандық ЖОО – Нархоз Университеті digital технологиялар білім беру үдерісіне қосылу үшін SAP Университеттік Альянстың бағдарламасына қосылды.

Келісімге қол қою SAP топ-менеджментінің Алматыға сапары барысында Social sabbatical бағдарламасы аясында «MOST» КЕҰ қолдауымен жүзеге асты. Рәсімге Нархоз Университетінің стратегиялық даму және халықаралық қызмет бойынша проректор Виктория Цхай, SAP атқарушы вице-президенті, SAP Knowledge Officer Бернд Вэльс және ТМД SAP Университеттік Альянстың Директоры Игорь Белоусов қатысты.

SocialSabbatical – бұл SАР қызметкерлер командасының әлеуметтік жобалармен айналысатын үкіметтік емес, қоғамдық және өзге де ұйымдардың жұмысы барысында стратегиялық түйткілдерді шешуге көмектесетін бағдарлама.

Университеттің жаңа даму стратегиясына сай Нархоз жақын арада ең озық инновациялық әдістемелер мен халықаралық сапа стандарттары енгізілетін Орталық Азияның ең үздік және инновациялық экономикалық жоғары оқу орнына айналады. Нархоздың жаһандық бағдарламаға қосылуы университет алдындағы міндеттерді шешуге көмектеседі.

SAP академиялық бағдарламасына әлемнің 110 елінің 3400 астам оқу орны, соның ішінде Қазақстанның 11 жетекші университеті қатысады. Классикалық оқу процесі тәжірибелік сабақтармен толықтырылып, жоғары оқу орындары мен бизнес арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, digital кәсіпкерлер ұрпағын құрады. Ұстаздар үшін SAPLeonardoAnalytics, MachineLearning, BigDataбойынша оқыту қарастырылған. Студенттерге де осы бағыттар бойынша курстар ұсынылады.

SAP дүниежүзі бойынша көптеген ЖОО-мен ынтымақтастық орнатқан. Стэнфорд университетімен жемісті жұмыс тәжірибесін атап өтуге болады. Мұндағы база негізінде SAP d.school инновациялар лабораториясы – SAP Next-Gen Labs жаһандық бағдарламасының түп бейнесі құрылған. Жақсы теориялық білімі бар студенттер SAP әріптестері мен клиенттері қойған нақты бизнес-міндеттерді шешу үшін SAP лабораториясына келеді. Мұндай лабораториялар жуық арада Қазақстанның жетекші ЖОО базасында да құрылмақшы. Қолданыстағы SAP Next-Gen Labs лабораторияларында командалар Ford, Volvo, Renault, IKEA, Airbus, NASA және т.б.ірі компаниялардың тапсырыстарын орындайды.

Сонымен қатар, студеттер SAPNext-GenLab — инновациялар және нетворкинг орталығында технологияларды меңгеруден бөлек, SAP әріптестері мен клиенттерінің жобалары бойынша жұмыс істейтін болады.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Қазақстанда мемлекеттік деңгейдегі digital технологияларға көшу үдерісін ескерсек, осындай бастамалардың іске асырылуы қазіргі заманғы IT нарығының шарттарына сай кадрларды даярлау мәселесін шешуге септігін тигізеді.

SAP — корпоративтік ұсыныстар нарығындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания ауқымы және мамандануы әртүрлі ұйымдарға, көмекші қызмет немесе директорлар кеңесі болсын, қойма немесе дүкен, үстел үстілік немесе ұялы қосымшалар болсын, өз кәсібін тиімді басқаруға көмектеседі.

SAP шешімдері және қызметін 345 000 астам клиент пайдаланып, компанияның озық технологиялары жоғары табыстылықты кепілдендіріп, үздіксіз бейімделу мен тұрақты өсімге мүмкіндік жасайды.

1992 жылы Мәскеуде SAP SE кеңсесі ашылған. Сондай-ақ өткен 25 жыл ішінде Екатеринбург, Санкт-Петербор, Новосібір, Ростов-на-Дону, Алматы, Минскіде SAP өкілдіктері ашылып, ондағы қызметкерлер саны 1050 адамнан асып түсті. Егжей-тегжейлі ақпарат — www.sap.com және www.sap.ru сайттарында.

Ресейдегі SAP компаниясының қызметіне байланысты барлық сауалдарыңызды Татьяна Звереваға (tatiana.zvereva@sap.com) жолдаңыз. Компанияның ТМД елдеріндегі қызметіне қатысты сұрақтарыңызды Алина Степановаға (alina.stepanova@sap.com) жіберіңіз.

Осы ақпараттың таратылымынан бас тартқыңыз келе ме? Қосымша ақпарат қажет пе? Мына мекенжайға хат жолдаңыз:sap@ag-loyalty.com.