• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Тамыз, 2017

Астанада Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді

217 рет
көрсетілді

Астанада 11 тамыз күні сағат 19.00-де алғаш рет ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Украина мен Қазақстанның танымал дизайнерлерінің Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы Астана қаласы Қазақстан халық Ассамблеясы болып табылады. Сән марафонын өткізу идеясы Астана қаласындағы «Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігіне тиесілі.

Іс-шара барысында қатысушыларға танымал дизайнерлердің қайталанбас топтамаларын, қазіргі заман киімдерінде ұлттық үлгілердің көрінісін, этномәдени орталықтарының астаналық шығармашылық ұжымдарының шығармашылық өнерлерін тамашалау мүмкіндігі пайда болады.

Халықаралық этникалық сән марафоны аясында авторлық суреттердің, ұсынылған топтамалардың киімдерінің, кәдесый өнімдерінің және т.б. көрме-сатылымы өтеді. Іс-шара аясында дизайнерлер-марафон қатысушылары ұсынған бұйымдардың ұтысы өткізіледі.

Іс-шара Республика даңғылы, 34 үй, «Жастар» сарайында өтеді. Кіру тегін.