• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Тамыз, 2017

Франция елшісі: Латын әліпбиі Қазақстан мен Францияны жақындастыра түседі

359 рет
көрсетілді

Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьен Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Елші Орталық коммуникациялар қызметінде «Франция - Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланысқа 25 жыл» атты баспасөз конференциясында екі елді жақындастыруда әдебиет пен руханиятты жақындастыра түсу керек деген ойын білдірді.

«Бір алфавитпен оқудың маңызы зор. Бүгінгі күні біздің алдымыздан біршама қиындықтар кездеседі. Өйткені, кириллица мен латын әрпі мүлде бөлек. Сондықтан, Сіздер латын әліпбиіне өтсеңіздер, біз үшін де біршама жұмыс жеңілдейтін еді. Латын әліпбиі біздің елді жақындастыра түседі», - дейді Франсис Етьен.

Франция елшісі сонымен бірге, қазақтың ұлы ақыны Абайдан бастап, тарихта аты қалған ақын-жазушылардың еңбектерін француз тіліне аудару жұмысының маңыздылығына тоқталды.

«Қазақстан халқын әдебит пен руханияты біріктіріп тұрғандықтан, біздің оларға қызығушылығымыз зор. Мольер, Гюго сынды француз жазушыларының еңбектерін де қазақ тіліне аудару керек. Бұл бағытта біз атқаратын жұмыс жетерлік», - дейді елші.