• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2011

Үш өңірдің өркенді өзгерістері

282 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қарағанды, Маң­ғыс­тау және Солтүстік Қазақстан облыстарының күндеріне арналған іс-шараларға қатысты. Президент әуелі Қарағанды, Маң­ғыстау және Солтүстік Қа­зақ­стан облыстарының жетістіктер көрме­­сімен танысты. Мемлекет бас­шысына экономикалық, әлеу­мет­тік және мәдениет, білімді да­мы­ту бағдарламасы, ден­сау­лық сақ­тау, туризм мен бизнес салала­рын­дағы жетістіктер та­ныс­тырылды. Қарағанды облысының әкімі С.Ахметов Президентке өңірдің эко­­­но­микалық жағдайы мен әлеу­мет­тік саладағы дамуы туралы баян­дады. 20 жыл ішінде об­лыс­тағы жал­пы өңірлік өнім 2 млрд. тең­геден 2 трлн. теңгеге дейін ұлғай­ған. Бүгінде облыс жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша 3-орын алады. Соңғы 10 жылда өнеркәсіп өндірісі 3,8 есеге өсті. Үдемелі индустриялық-инно­вациялық даму бағдарламасы ая­сында Индустрияландыру карта­сына Қарағанды облысынан жал­пы сомасы 272,8 млрд. теңгені құ­­рай­тын, 5 мыңнан астам жұ­мыс орны ашылатын, 42 инвес­ти­ция­лық жоба енгізілді. Бүгінгі күннің өзінде 18 жоба іске асы­рылды. Жетістіктер көрмесі кезінде Маң­ғыстау облысының әкімі Қ.Көшер­­баев Мемлекет бас­шыс­ы­на өңірдің әлеуметтік-эконо­мика­лық дамуы ту­­­­ра­лы хабарлады. Облыста жан ба­сы­на шаққандағы жалпы өң­ірлік өнім ең жоғары көрсет­­кіштің бірі. Ол 2010 жыл­­дың қорытын­дысы бой­ын­ша 19 мыңнан астам долларды құрады. Егер 1993 жылы өңір респуб­ли­каның өнеркәсіп өндірісінің 4,5 пайызын қамтамасыз етсе, бү­гін­де облыстың үлесіне 16,5 пайызы тиесілі. Жан басына шақ­қанда инвестиция тарту көлемі бойынша елімізде екінші орын алады. Соңғы 10 жылда тұрғын үй қо­ры 3 миллион шаршы метрге ұл­ғай­ды. 20 мыңнан астам отба­сы жа­­ңа пә­терлерде тұрып жа­тыр. Әр ауылда газ, су, жарық, байланыс, Интернет және телевизия бар. 20 жылда Маңғыс­тау­да 160 балабақ­ша мен жалпы білім беретін мектеп, соның ішінде «100 мектеп, 100 аурухана» және «Балапан» бағдар­ла­малары ая­­сын­да ашылды. Аурухана мен емхана саны екі есеге артты. Солтүстік Қазақстан облысы­ның әкімі С.Біләлов Президентті өңір­­­дің әлеуметтік-экономи­ка­лық да­муы­­­­­ның нәтижелерімен таныс­тыр­ды. Солтүстік Қазақстан об­лы­сын­да рес­­­­публикалық көлем­де­гі ауыл шаруа­­­­шылығы өнімде­рі­нің 12 пай­ызы өндіріледі. Би­ылғы жылы солтүс­тік­­­қа­зақ­стан­дық диқандар түсім­ді­лі­гі гек­та­рына 21 центнерден келетін, 8 млн. тоннадан астам астық жинады. Үдемелі индустриялық-инно­­ва­­циялық даму бағдарламасына Сол­түстік Қазақстан облысынан сома­сы 28,5 млрд. теңге болатын 15 ин­новациялық жоба енгізілді. Өңірде 103 мың адам еңбек ететін, 21 мыңнан астам белсенді ша­ғын және орта кәсіпкерлік суб­ъек­тілері жұмыс істейді. Жұ­мыс­­­пен қамту және жаңа жұмыс ор­ын­дарын құру картасы әзір­ленген. Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайының Опера залына келіп, үш облыстың күн­де­­­рінің гала-концертін тама­ша­ла­ды. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ, О.БАЛМҰРАТ.