• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Медицина 09 Тамыз, 2017

Сана тазармай, дала тазармайды

174 рет
көрсетілді

Қазір әлемде ауыз судың тазалығынан асқан байлық бар ма? Су­сыз өмір сү­рудің мүмкін еместігін айтып, тіп­ті ауыз ауыртпай-ақ қоялық. Алайда, елді мекендер ма­ңын­дағы өзен-көлдердің маңынан өтсеңіз, халық көп жү­ре­тін арықтардың айналасын қарасаңыз жаныңыз неге жабырқайды? Ең алдымен ақыл-парасаттың иесі адамзат­тың табаны тиген жер­лер таза болуы керек емес пе еді. Әт­­тең, көп жерде жағ­дай кере­ғар болып тұрғаны өкінішті.

Әйтеуір, күннің көзі жы­лын­­ғанда сенбіліктер ұйым­дас­­тырылып жатады. Жекеле­ген ұйымдар тазалық акцияларына ұйытқы болып жүр. Алайда, мұның бәрі келеңсіз көрініс­терді қаншалықты өз­герте алады? Қысқасы, қоғамдық санаға сәуле түсірмек ниетінде таяу күн­дері Carlsberg Kazakhstan компаниясы Алматы әуежайы­ның маңындағы көлде «Мөлдір су» экологиялық науқанын қай­­­та қол­ға алды. Ма­ңыздысы сол, бұл акцияға қосылғандар көл­дің көзін бітеген, суын лас­та­­ған қоқысты қайта өңдеу­ге тапсырды.

«Мөлдір су» экологиялық бастамасы негізінен Қазақстан суларының экожүйесін сақ­тап қалуға, сонымен бірге қоқыс­тарды бөлек жинау және өңдеу мәдениетінің дамуына үлес қо­суға бағытталған. Компания бұл іске өз серіктестерімен қо­са, жур­­на­лис­терді жә­не өз еркі­мен қо­сыл­ған жандарды да тартып отыр. Осылайша, 2017 жылдың соңына дейін Алматы, Қара­ған­ды, Атырау, Петро­павл қа­ла­ла­рының, Ала­көл көлі­нің бес лока­циясында қоқыс жинау жоспарланып отыр. Оған қоса, үсті­міздегі жылы бұл нау­қан та­ғы бір қы­рынан танылатын болады. Қатысушылар қоқыс жинау орындарында қоқыс­тар­ды ірік­теп, жи­нал­ған қоқыс­тардың бір бө­лі­­гі қай­та өң­деу үшін арна­йы мамандандырылған ұйым­дар­ға тапсырылады. Соның ішін­де шара барысында жиналған пластиктен осы жобаның мер­дігері – Zeta компаниясы  қо­қыс жинауға арналған кон­тейнерлер жасап, кейін олар­ды қоқыстан тазартылған ай­мақ­­тарда орнатуға береді. 

Мұндай механизм зама­науи шешімдердің көмегімен плас­­тик шөлмектің қал­дықтарынан кез келген өнімді жасауға болатын тамаша шикізат шығатынын көрнекті түрде насихаттағалы отыр.   Бір жағынан, бұл бастама Carlsberg Group - Together Towards ZERO ғаламдық тұрақты даму стратегиясының қисынды құрамдас бөлігі еке­нін айта кетуге болады. Яғни ғаламдық стратегияда «Нөлдік су ысырабы» деп аталатын бұл мақсат бірқатар факторларды басшылыққа алады. Өйт­кені, бүгінгі таңда әлем­де суды оңды-солды тиімсіз жұм­­сай­тын орындар тым көп бол­ғандықтан, судың жетіс­пеу­шілігі көкейкесті мәселеге ай­на­лып барады. 

«Біздің бағдарламамыз биылғы жылы Астанада ЭКСПО-2017 секілді аса ірі шара өткізіліп жатқан уақытта Қазақстан нарығы үшін аса көкейкесті болып отыр. Бұл көрмеде жасыл экономика және энергияның жаңғырмалы көздері саласындағы ең үздік шешімдер мен ең жаңа технологиялар ұсынылуда. Сarlsberg Kazakhstan көптен бері тұрақты дамуды басым мақсат ретінде таңдап, бүгінгі таңда өзінің қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайту саласында едәуір жетістіктерге қол жеткізді. Сөйтіп, 2012-2016 жыл­дар аралығында электр қуа­т­­ын тұтынуды – 42%, жылу қуа­тын тұтыну – 51%, суды тұтыну 47% төмендетті», – дейді серіктестік өкілі.

Не десек те, бұл бастама бір ғана компанияның қоршаған ортаны құрметтеуге қатысты тірлігінің бір парасы. Мұндай мысалдар әр адамның, әрбір өндіріс орны мен өмір сүрген тіршілік иесінің ұстанымы болса онда біз жүрген жер жұмақтың өзі болмай ма?

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ