• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Білім 09 Тамыз, 2017

Астана мектептерінде оқу маусымы 2 қыркүйекте басталады

145 рет
көрсетілді

Елордада жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанат 2 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Астана қалалық Білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова хабарлады.

«Бірінші қыркүйек — Білім күні еліміздегі Құрбан айт мейрамына сәйкес келуіне байланысты, мектептердегі 2017-2018 оқу жылына арналған салтанатты шара 2 қыркүйекте өтеді. Қалалық мектептерде оқу үрдісі өзгеріссіз осы күні басталады. Колледждерде сабақ 18 қыркүйекте басталады», — деп жазды баспасөз хатшысы Фейсбуктегі парақшасына.