• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Тамыз, 2017

«Туған елге саяхат» туристік пойызы Түркістанға келді

498 рет
көрсетілді

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне «Астана-Ақтау-Түркістан–Алматы-Астана» бағдарымен сапар шеккен «Туған елге саяхат» теміржол туристік пойызымен 200-ден астам бала келді, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің баспасөз қызметі.

«Туған елге саяхат» жобасы «Самұрық-Қазына Trust» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асқан. Жоба мақсаты - сыртқы әлемге балалардың қызығушылығын арттыру, елдің тарихы мен сәулет ескерткіштерін зерттеп, патриотизмге тәрбиелеу. Балалардың барлығы да шалғайда тұратын, сабақтарын үздік оқитын, көп балалы, толық емес отбасыларынан құралған.

Түркістанға сапар барысында балалар «Әзірет Сұлтан» қорық музейін аралап Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қандай екендігін өз көздерімен көріп, таңданыстарын жасыра алмады.