Астаналық көліктік бақылау инспекторлары күн сайын тексеріске шығады және ЖҚЕ бұзушылықтарының әртүрлі түрлері анықталады, оның ішінде қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесу бар.
- Жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің мобильді телефонмен сөйлесуіне байланысты 880 факт тіркелді. Көліктік бақылау инспекторлары заң бұзушылыққа қатысты акт толтырады. Ол одан кейін Астана қаласының ІІД-не жіберіледі. Қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесу бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сай айыппұл салынады, - дейді Г.Жүсіпбекова.
Ал, елордалық автопарктер күн сайын анықталған бұзушылықтар туралы есеп алып отырады және әр жағдай бойынша шешім шығарады.
- Автобус парктерінде қауіпсіздік бойынша кеңестер құрылуда. Онда талапты елемеген жүргізушілерге қатысты тәртіптік жаза қолданылады. Әр жағдай – бөлек қаралады, - деді Жүсіпбекова.