• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2011

Ауылдағы құс фермасы

633 рет
көрсетілді

Халық еңбектің қаді­рін түсініп, ешкімге қол жаймайтындай тірлік кешуде. Бірі мал, бірі кәсі­бін ашса, енді бірі құс өсі­руді қолға алған. Әй­теуір, қол қусырып қа­рап отырудан аулақ. Мә­се­лен, Панфилов ауда­нын­­дағы «Кәрім» шаруа қо­жалығы үйрек өсіріп, оның етін өндіруді қолға алыпты. Қожалықта қа­зірдің өзінде 70 мыңға жуық үйрек бағылуда. Инкубаторлардан айына 48 мың балапан шыға­ры­лады. Қондырғы то­лық автоматтанды­рыл­ған. Жаңа шыққан балапандар арнайы камераларда қанаты қатайған­ша 2-3 тәулік болады. Дәрі-дәрмек егілген соң балапандар арнайы фер­маларға бөлінеді. – Қазір ет қымбат­тап, тұтынушы сұра­ны­сын қанағаттандыру мін­деті тұр. Осыны ескеріп, үйрек фермасын құр­дым. Құс етінің қуаты мол, әрі жеңіл тағам. Ба­ғасы қымбат емес, ки­лосы – 500 теңге. Бола­шақта өнімдерімізді елі­міздің барлық қалала­рына шы­ғарумен қатар өзге елдерге экспорт­тау­ды да жоспарлап отыр­мыз, – дейді «Кәрім» ша­руа қо­жалығының бас­­­шы­сы Ғазиз Суфьянов. Қожалықтағы әр бө­лім­шедегі 6-7 мың үй­ректің жем-шөбі мен суын жұмысшылар уа­қы­тылы береді, күтеді. Жұмысшыларға арна­лып, үй салынуда. Ай­лықтары шамамен 100 мың теңгеден асады екен. Содан болар жұ­мыс­шылар осында тұ­рақ­тап қалуға мүдделі. Бүгінде шаруа қожа­лы­ғы ғылыми-зерттеу ор­талықтарымен де бірлесе жұмыс жасап, бола­шақта үйректің қазақ­стандық тұқымын шы­ғаруды алға қойған. Ауданда құс шаруа­шылығы енді-енді да­мып келеді. Үкімет та­ра­пынан салаға қолдау жасалып, көңіл бө­лі­ну­де. «ҚазАгроҚаржы» АҚ шаруа қожалығына 90 миллион теңге несиелік қаржы қарастырған. Ұжым оның 60 млн. теңгесін алыпты. Енді Қытайдан қажетті құ­рал-жабдық әкеліп, жос­парлы жұмыстарын жал­ғастырмақшы. Жыл соңына дейін ша­руа қожалығы 200 мың тонна үйрек етін сатуды жоспарлап отыр. Жаңа қондырғылар ор­на­тылғанда бұл көрсет­кіш еселеп артады. Қа­зір шаруашылықта 3 мыңнан астам үйрек бол­са, алдағы жылы оның санын 2 есеге арттыру көзделіп, ұжым мүше­лері құсты дәрігерлік талаптарға сай баптап, күтуді жақсарта түскен. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.