Үш күнге созылған ел біріншілігінде алты команда бақ сынады. Олар: Оңтүстік Қазақстан облысы шөген федерациясының командасы, Ақмола облысы шөген федерациясының командасы, Аққия шөген клубы, Әулиеата шөген клубы, «Astana polo club» пен «Almaty polo club»командалары.
Осымен екінші мәрте ұйымдастырылған жарыста үшінші орын үшін таласта Әулиеата шөген клубы мен Ақмола облысы шөген федерациясының командалары өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен кездесуде 2:1 есебімен былтырғы чемпиондар Әулиеата шөген клубы жеңіске жетті.
Ал шешуші сында «Astana polo club» пен «Almaty polo club» командалары чемпиондық атаққа таласты. Бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпаздары қос командада жиналғандардың делебесін қоздырды. Қорытынды есеп 6:4. «Astana polo club» командасының пайдасына шешілді.
Сондай-ақ чемпионаттың «үздік ойыншы» номинациясына «Almaty polo club» командасының капитаны Қуаныш Мұсабековке бұйырды. Ал, «үздік поло пони» болып «Маусым» атты сәйгүлік танылды. Тиісінше Аққия шөген клубы 5 орынға ие болса, Оңтүстік Қазақстан облысы шөген федерацисының командасы 6 орыннан көрінді.
Жүлде қоры: 2 миллион теңге
І орын – 1 миллион
ІІ орын – 600 мың
ІІІ орын – 400 мың