• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Тамыз, 2017

Қазақстан Қарулы Күштері құрамасы халықаралық ойындардан жүлделі оралды

362 рет
көрсетілді

Мәскеудегі «Алабино» полигонында Армия халықаралық ойындары-2017 өз мәресіне жетті. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрама командасы әлемнің 28 елінен 150 армиялық команда арасында жалпыкомандалық есепте үшінші орынды жеңіп алды.

Далалық, әуе және теңіз ма­шығы бойынша сайыс қоры­тын­­дысы нәтижесінде Ресей Фе­­дерациясының командасы бі­­рін­ші орынды, Қытай Халық Рес­­­пуб­ликасының құрама ко­ман­­дасы екінші орынды ие­ленді. 

Қазақстандық армияның абыройы мен беделі үшін халық­ара­лық аренада 350-ден аса әс­кери қызметші бақ сынас­ты. Қазақстанның командасы ұй­ымдастырушылардың баға­сы бойынша көрнекілердің бірі бо­лып танылды. Ойын төре­ші­­лері алқасының мүшелері Қа­зақ­стан Қарулы Күштері әс­ке­ри қызметшілерінің жоғары дай­­ындық деңгейлерін, кәсіп­қой­­лықтары мен жауын­гер­лік дағ­­дыларын атап өтті. Құ­ра­мамыздың қоржынында 3 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль бар. 

Ойындардың салтанатты жабылу рәсіміне Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жас­ұза­қов қатыс­ты. Әскери ведом­ство басшы­сы бүгін­гі таң­дағы халықаралық ойындар дос­тықтың, халықара­лық ын­тымақтастықтың, бей­біт­ші­­лік пен ниеттестіктің жаңа ны­­­шанына айналып, айрықша маз­­мұны және ғаламат ауқы­мы­­мен ерек­ше­­ленді деп атап өтті. 

АрХО-2017 сайысында қазақ­стандық құраманың өнер көрсетуінің шарықтау шегі «Танк биатлоны» байқауы болды. Онда танкішілеріміз 1 сағат 45 минут 41 секунд нәтижесімен Т-72 танкісінің базалық моделінде жоғары кәсібилік пен басқару ше­берлігін паш етіп, екінші орын­ды иеленді.  «­Достастық жауынгері» бай­қау­ының бас аталымның екі дүр­кін чемпионы атанған 97616 әскери бөлімінің батарея сержанты аға сержант Орынбек Сәндібековтің жеңісін айрықша атап өткен жөн. 

Қазіргі уақытта Армия халық­ара­лық ойындары халық­аралық әс­кери қоғам­дас­тықта жоғары мәр­тебеге ие болып отыр. 2017 жы­лы ойын бағдарламасына «ҰҰА сайысы», «Достастық жау­ынгері», «Жол патрулі», «Күзет сақшысы» және «Әскери ралли» атты бес жаңа байқау енгізілді. Жыл сайын елдер ара­сындағы достастық өзара қа­рым-қатынасты нығайту мен да­мы­тудың маңызды факторы бола оты­рып, сайыстардың пішімі же­тілдіріліп, қатысушылардың ауқымы кеңейе түсуде. 

«Егемен-ақпарат»