• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2017

Жұмысшылармен жүздесті

286 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков Бал­қаш мыс балқыту зауытына барып, жұмыскерлермен кездесті. 

Зауытта болған кезде Ж.Ах­метбеков үш цехтың металлург­терімен кездесіп, оларға Прези­дент­тің «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қа­бі­леттілік» тақырыбындағы Жол­дауын түсіндіріп, жұмыскерлерді алаңдатып отырған мәселелер тұр­ғысында пікірлесті. Бұл күнде өнер­кәсіптің аса зиянды сала­ларында жұмыс жасайтын жұмыс­керлердің еңбекақысын көтеру, Қазақстанның өнеркә­сіптік аймақтарының экология­сы, сонымен қатар, «Құрметті металлург» белгісін қайтару – балқаштықтар үшін түйткілді түйін. Кездесу барысында металлургтер халық қалаулысының алдына осы тектес сұрақтарды қойды. Депутат әр жұмыскердің пікірін мұқият тыңдап, оларды толғандырған мәселелер жедел шешімін табуы үшін аянып қалмайтынын жеткізді.

Металлургтер Мәжіліс де­пута­тына олардың қиыншылық­тарына назар аударғаны үшін алғыс білдіріп, «Халық комму­нистері» фракциясы елдің жоға­ры заңнамалық органында бұ­рын­ғыдай қарапайым адамдардың мүдделерін қорғайтынына үміт білдірді.

Мирас АСАН,  «Егемен Қазақстан»  Қарағанды облысы,  Балқаш қаласы