• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Тамыз, 2017

Елордалық спортшылар ТМД ойындарында үздік нәтиже көрсетті

343 рет
көрсетілді

11-16 тамыз аралығында Ресей мемлекеті Ульяновск қаласында Бірінші Ұлттық спорт түрлері фестивалі және ТМД ойындары өткізілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Фестивальге қатысқан 380-нен астам спортшы гір көтеру, самбо, белбеу күресі, садақ ату, мас-рестлинг, доппен ойналатын хоккей, шашки және ұлттық спортымыз – қазақ күресінен бақ сынады. Қатысушылардың басым бөлігі өз спорт түрлері бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері.

Астаналық «Толағай» мектебінің тәрбиеленушілері жарыста мектеп намысын қорғауда. ТМД ойындарында «Толағай» ЖСШМ-нен жалпы 2 спорт түрінен 7 спортшымыз қатысып, келесі нәтижелер көрсетті:

Белбеу күресінен: Дюсембаева Ботагоз, 52 келі салмақ дәрежесі - ІІ орын. Абдрахманов Мадияр, 100 келі салмақ дәрежесі - ІІ орын. Сейтен Айбат, түйе балуан - ІІІ орын.

Гір көтеруден: Ахметов Магзам, 63 келі салмақ дәрежесі - І орын, Мушекенов Тимур, 73 келі салмақ дәрежесі - ІІІ орын, Ашимов Адильбек, 78 келі салмақ дәрежесі - ІІ орын, Абдахин Серик Нургалиевич, гір көтеру спортынан жаттықтырушы-оқытушы, 68 келі салмақ дәрежесі - ІІІ орын.