• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Тамыз, 2017

Еліміздің барлық аймақтарында ауа температурасы төмендейді

539 рет
көрсетілді

17-19 тамыз күндері Қазақстанда ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

«Мәскеу қаласынан бастау алатын антициклон Қазақстанның көптеген облыстарының ауа-райына әсер етеді. Еліміздің батыс, солтүстік батыс, оңтүстік батыс аймақтарында күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Ал солтүстік, шығыс және оңтүстік шығыс бөлікте күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жаууы және желдің күшеюі ықтимал», – делінген хабарламада.

Республиканың барлық аймақтарында ауа температурасы төмендей түседі. Cолтүстік бөлікте ауа температурасы түнде 5-12, күндіз 17-22, оңтүстік аймқтарда ауа-райы түнде 10-17 градус жылы, түнде 25-35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.