• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Тамыз, 2017

Маңғыстау облысының әкімдігі бірнеше шетелдік компаниялармен әріптестік меморандумға қол қойды

458 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан  халқына Жолдауында Қазақстан шетел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақтап қалу қажеттілігінің маңыздылығын атап өткен болатын. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Маңғыстау облысында шетел инвесторларын тарту бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Бүгін Астанадағы Маңғыстау облысының мәдениет күндері аясында  ЭКСПО алаңында орналасқан «Kazakh Invest» павильонында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен 10-нан аса шетел елшілерінің қатысуымен инвестициялық кездесу өтті. Шара аясында өңір басшысы Маңғыстау облысының инвестициялық потенциалы туралы баяндады.

- Елбасы алға қойған міндеттерді іске асыруда, соның ішінде инвестиция тарту бағытында Маңғыстау облысында қол жеткен жетістіктер баршылық. Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық портфелінде  жүзеге асып жатқан 49 жоба және 2 млрд АҚШ доллар сомасына бірнеше жобаны іске асыру көзделген. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы іске қосылғаннан бері 74 млрд теңге инвестиция тартылып, 231 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 19 млрд теңге көлемінде салықтар төленді. Аймақта 12 мекеме белсенді қызмет етуде және мыңнан астам жұмыс орнын құрылған. Осы орайда Маңғыстау облысының әлеуеті зор, келешегі келісті деп білемін, – деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Басқосу аясында Маңғыстау облысы әкімдігі мен бірнеше шетелдік компаниялар арасында меморандумға қол қойылды. Мұнайлы Маңғыстау қытайлық инвесторлармен экономиканың сан түрлі саласында сенімді серіктестік орнатып келеді.

«СITIC Group Corporation» корпорациясының өкілдері Маңғыстау облысы Қаражанбас кенорнында су тұщыту зауытын салу жобасын іске асырмақ. Осы мақсатта өңір басшысы Ералы Тоғжанов пен шетелдік компания басшысы арасында екі жақты меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов Италия елінің өкілімен Лонига қаласы арасында бауырластық жөніндегі келісімге қол қойды. Мақсат - қос қаланың мәдени салада байланыстарын нығайтып, туризм және әлеуметтік-экономикалық салалардың дамуына ықпал ету, тәжірибе алмасу.

Ал облыс әкімі Фин елінің «Варсила» мекемесімен Маңғыстауда 250 мегаваттық электрстанциясын салу жөнінде келісім шартқа қол қойды.