Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылатын прагматизм мен бәсекелік қабілет жөнінде ғана пікір айта аламын.
«Бәйтерек» холдингі мен оған еншілес компаниялардағы тәуелсіз директор қызметін атқарып жүріп, өз тәжірибемнен мынаны байқадым. Қазақстан бизнестің бәсекеге қабілеттілігі мен өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында прагматикалық саясат ұстануға талпынып жатыр. Осы бағытта нәтижеге жету үшін уақыт пен соған лайық әрекет қажет.
Сондай-ақ, «Болашақ» президенттік стипендиясы арқасында жас әрі білімді мамандар көбейіп келеді. Корпоративті ортаға түскен мұндай адами капитал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыра түседі.
Филипп ЙЕО,
Сингапур үкіметі даму агенттігінің, «Economic Development Innovation Singapore Pte Ltd» компаниясының төрағасы
Сингапур