• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Тамыз, 2017

Күн сайын Астанада айыппұл тұрағына 15-ке жуық көлік жеткізіледі

188 рет
көрсетілді

20 мыңдай хаттама толтырылған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Жол көлік ережелерінің ішінде ең көкейкесті құқық бұзушылық рұқсат етілмеген жерде көлікті қалдырып кету болып отыр. Көбіне жүргізушілер ірі базарлардың, сауда үйлерінің маңында көлігін қалдырады. Бұл қозғалысқа кедергі келтіреді.

Сол себепті жергілікті полиция қызметі арнайы рейдттер жүргізеді. Астаналық ЖПҚ басшысы Бақытжан Малыбаевтың мәліметінше, күн сайын эвакуаторлар айып тұрағына 15-тен 20-ға дейін автомобильдер әкеледі.

Мұндай заң бұзушылыққа 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

- Бүгінгі күнге бізде 20 мың әкімшілік хаттама толтырылған. Бір жарым мыңнан астам көлік құралдары біздің эвакуаторларымыздың көмегімен айып тұрағына қойылды, - деді Б.Малыбаев.

Бұған дейін хабарланғандай, жол көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында елорда жолдары бойында қосымша қоршаулар орнатылады.

Ресми мәліметтерге сай, Қазақстан астанасында жыл басынан бері 72 мыңға жуық ЖҚЕ сақтамау фактілері тіркелген. Әкімшілік жауапкершілікке 5 мыңға жуық жаяу жүргінші тартылған. Балалардың қатысуымен ЖКО алдын алу мақсатында 1 қыркүйек