• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Тамыз, 2017

Астанада бір жарым ай ішінде 2,5 мың адам жұмыспен қамтылды

260 рет
көрсетілді

1 маусым 15 тамыз аралығында Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы арқылы 2500-ге жуық адам жұмысқа орналастырылған, деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығы.

Астана жұмыссыздық деңгейі бойынша республикада ең төменгі көрсеткішпен көш бастап тұр. 1 тамызға дейінгі жағдай бойынша 10 мың жаңа жұмыс орны ашылған, олардың қатарында шағын және орта бизнес те бар.

– Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына 4 012 тұрғын жұмысқа орналастыру өтінішімен келді. Олардың 2409-ы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаумен қамтылды. Жұмыс берушілер арасында қонақ үй мамандықтары бойынша сұраныс өскен, бұл – аспаз, қонақ үй бизнесінің менеджері, гид-аудармашылар, қызмет көрсетушілер. Мысалы, біздің орталық арқылы ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы жаңа «Hilton» қонақ үйіне 100 адам жұмысқа тұрды, – деп хабарлады Астана әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің басшысы Аяжан Айтжанова.

Ресми мәліметтерге сәйкес, аталған департамент статистикасы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,5% құраған (жылдық жоспар бойынша 4,7%).

Соңғы жаңалықтар