• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2011

Өңірлік семинарға қатысты

313 рет
көрсетілді

12-13 қазанда Душанбе қа­ласында (Тәжікстан) Қазақстан Республика­сын­дағы Адам құ­қық­тары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров «Адам құқық­та­ры жө­нін­дегі ұлттық институттар, Па­риж қа­ғидаларына сәйкес бо­лу және Орта­лық Азияда аз­ап­тау­лардың ал­дын алуда олар­дың рөлі» тақыры­бын­дағы өң­ір­лік се­минарға қатысты, деп ха­бар­ла­ды Қа­зақстан Республи­ка­сын­дағы Адам құ­қық­тары жө­ніндегі уә­кілдің баспасөз қызметі. БҰҰ Адам құқықтары жө­нін­дегі Жо­ғар­ғы комиссарының Бас­қармасы мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұй­ымдастырған семинардың бары­сын­да ұлттық құқық қорғау инс­титут­та­ры­ның жалпы қабылдаған халықаралық стан­дарттарға сәй­кес келуі және адам құқық­тарын қамтамасыз етудің әр түрлі сала­ла­рында өңірлік ынтымақтас­тық­ты мадақтау мәселелері бойынша пікірталас өтті. Өз сөзінде омбудсмен семи­нарға қаты­су­шыларды Қазақстан­да өткізіліп жатқан құқық қорғау жұмысымен, соның ішінде азап­тауларға қарсы күрес, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттесуі, сондай-ақ осы салада заң­намалық базаның дамуы бойынша жүр­гіз­ген жұмысымен таныстырды. Семинар шеңберінде Асқар Шәкіров БҰҰ және ЕҚЫҰ құры­лымдарының өкі­л­де­рімен бірқа­тар кездесулер өткізді. Атап айт­қанда Уәкіл мекемесінің халық­аралық құқық қор­ғау ұйымда­рымен ынтымақтас­тық мәселеле­рін талқылаған БҰҰ АҚЖКБ Еуропа, Америка және Орталық Азия департаментінің директоры Дж.Магаззенимен кездесті.