• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Президент 19 Тамыз, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

233 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында «Ұмай жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылығында болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы астық алқабының жағдайымен және егін шаруашылығы өнімдерін өндіру, оны сатумен айналысатын аграрлық кәсіпорынның қызметімен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа алдағы егін ору науқаны және оған ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті облыстың шаруаларымен әңгімелесіп, ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы жөнінде сұрады.

Әңгіме барысында шаруашылық еңбеккерлері Елбасыға қабылданған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырғаны туралы айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен бірге субсидия беру, аграрлық өнімдер экспортын дамыту және шаруашылықты технологиялық жаңғырту мәселелерін талқылады.