«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің командасы Астанада өтіп жатқан БАҚ өкілдері арасындағы шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұлов турнирінің жартылай финалына шықты.
Бас басылым өкілдері турнирдің 1/2 финалында «Хабар» телеарнасының жігіттерімен кездеседі.
Топтық кезеңде «Проспорт» командасына 1:2 есебімен есе жіберген «егемендіктер», «Қызылжар» командасын 4:2 және «Казспорт» құрамасын 7:0 есебімен тізе бүктірді. Бұдан кейін 1/4 финалда 2:1 есебімен ОҚО-2 командасынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.