Шомылу, бу қабылдау, дем алу орындары барлық талаптарға сай жасалған. Мүгедектер үшін пандус үлгісіндегі арнайы басқыш орнатылған. Ағаш отынмен жағылатын жылжымалы әлеуметтік моншаның иесі Уәлихан Ыбыраев бұл идеяны көптен бері ойластырып жүрген. Осыдан бірнеше жыл бұрын Зейнеп апа үш рет инсульт алып, қоларбаға таңылып қалған. Сүйікті анасының жағдайын барынша жеңілдетудің жолдарын қарастырған кенже ұл осы жобаны ойлап тапқан. Моншаны қызметін жүріп-тұруы қиын кембағал жандармен қатар көпшілік те кеңінен пайдаланады. Бүгінге дейін бес мыңға жуық адам игілігін көріпті. – Кембағал жандар үшін әлеуметтік қызметкерлер тағайындалған. Аз қамтылған, көп балалы отбасылардың да қатары аз емес. Өтініш-тілектер телефон арқылы қабылданады. Облыс орталығынан сыртқары жерлерге де барып жүрміз,– дейді Уәлихан. Уәлиханның ендігі мақсаты – бағдарлама аясын одан әрі кеңейтіп, жылжымалы әлеуметтік монша кешенін құру.
Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы