• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2011

Ұлтаралық келісімді жоғары бағалады

312 рет
көрсетілді

Қазақстан Респуб­ли­касы Парламенті Мәж­і­лісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетінің төрағасы Әмзебек Жол­шыбеков Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақтастық ұйымы Қақ­тығысулардан сақтау ор­талығының дирек­то­ры Адам Коберацкимен  кез­десті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Әмзебек Жолшыбеков мейман­ның сұрақтарына орай Қазақ­стан­ның сыртқы саясаты, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бейбітшілікті қорғау мақсатындағы бас­та­малары, ел Парламентінің құры­лымы туралы айтып берді. Кездесуде Астанада аяқталған Ядролық қарусыз әлем үшін ха­лық­аралық форумы туралы жан-жақты әңгіме өрбіді. Адам Коберацки аталған жиынның маңыз­ды­лығын айта келіп, осы шараға қа­тыс­қанына қуанышты екенін жеткізді. Өйткені, ядорлық қаруды таратпау әлем бойынша аса маңызды мәселеге айналып тұрғаны анық. Мейман Қазақстандағы ұлтара­лық келісімге жоғары баға берді, бұл тәуелсіз елдің үлкен жетістік­терінің бірі екенін айтты. Көп ұлтты қазақ жерінде 50 мыңдай поляктың тұрып жатқанын тілге тиек етті. Тараптар ЕҚЫҰ-ның барлық институттарымен байланысты нығай­ту туралы пікір білдірді, соның ішінде парламенттік ұйымдармен бай­ла­ныс­ты жандандыру жайы сөз болды. Кездесуге ЕҚЫҰ-ның Астана­дағы Орталығының жетекшісі Алек­сандр Кельчевски, сондай-ақ Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшелері  Светлана Бычкова мен Ерболат Әп­сәлямов қатысты.