• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2011

Америкаға тиімді жауап қайтарады

261 рет
көрсетілді

Ресей АҚШ-тың Еуропада зымыранға қарсы қор­ға­ныс жүйесін құруына жауап ретінде әскери-техник­а­лық шаралар қабылдай бастады. Кремльдегі жоғары дә­режелі дерек көзінің сөзіне қарағанда, Ресей билігі қа­­зірдің өзінде не істеу керек екенін айқын ұғынып отыр. Біздің жауабымыз, дейді ол, арзан болады, бірақ аса тиімділігімен ерекшеленеді. Жоғарыдағы лауазым иесінің айту­­ынша, америкалықтар Еуропадағы жүйесін Ресей пікірімен есептеспей құрғылары келеді. Ал мұндай біржақты шешіммен еш келісуге болмайды. АҚШ тарапы өздерінің ны­сан­да­ры Ресейге қарсы бағытталмайтынын көлденең тартып отыр. ЛИВИЯНЫҢ ӘУЕ КЕҢІСТІГІ АШЫЛАДЫ Ливияның ұлттық өтпелі кеңесі НАТО-мен коммерциялық авиация үшін өзінің әуе кеңістігін ішінара болса да ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Рейстерге Ливияның азаматтық авиация басқармасы қызмет көрсетпек. Бұл елге гуманитарлық көмек жеткізуге де қолайлы жағдай туғызғалы отыр. Ұлттық өтпелі кеңес пен НАТО арасындағы уағдаластық жақын арада күшіне енбек. Бұл 1973 жылғы Ливияның әуе кеңістігінде ұшуға рұқсат бермейтін БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңе­сінің қарары күшінде тұрғанына қарамастан, жүзеге аспақ­шы. Кейінірек біртіндеп қарардың күшін жою көзделген. Бі­рақ, ол ұлттық өтпелі кеңестің елде қаншалықты жылдам тәртіп орнататынына тікелей байланысты болмақ. ОБАМА ИРАНДЫ ЖАУАПҚА МӘЖБҮРЛЕМЕК АҚШ президенті Барак Обама Иран басшылығы Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшісін өлтіруді жос­парлағаны үшін жаза тартуы тиіс деп мәлімдеді. Бірақ ол Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи мен ел президенті Махмұд Ахмадинежадты тікелей айыптаған жоқ. Сөйтіп, Б.Обама Теһранға қатысты ең қатал шара қа­был­дауға шақырды. Вашингтон Саудия елшісі Әдел әл-Жу­бей­раға қастандық ұйымдастыруға қатысты 11 қазан күні ай­ыптаған мәлімдеме жасаған еді. Федералды тергеу бюро­сының нұс­қасы бойынша, елші АҚШ аумағындағы мейрам­ха­на­лардың бірінде жарып жіберілмек екен. ҚАҚТЫҒЫСТА 36 АДАМ ОПАТ БОЛДЫ Сирияда оппозиция өкілдері мен президент Башар Асадтың жақ­тас­­­та­ры арасындағы қақтығыс бары­сын­да 36 адам көз жұмды. Қаза тапқан­­дар­­­­дың 25-і әскери қызметшілер көрінеді. Қанды қасап Асадтың әскерлері Си­­­рияның солтүстігіндегі Банаш қала­­сы­на шабуыл жасаған кезде орын алған. «Әл-Жазира» телеарнасының хабарларына қарағанда, президентке қарсылар өздерінің наразылықтарын көп жағ­­­дайда бейбіт демонстрациялар арқылы білдіруге ұмтылады екен. Ал билік болса, оппозицияны бейбіт тұрғындарға оқ атып жүрген қарулы бандаларды бүркемелеп отыр деп ай­­ыптайды. Сөйтіп, үстіміздегі жылдың наурыз айының соңында басталған билікке қарсы шерулер тоқталар емес. ҮШ АЙДА 70 МИЛЛИОН ДОЛЛАР ЖИНАДЫ АҚШ президенті Барак Обама мен Демократиялық партия шілде мен қыркүйек айлары ішінде президенттік сайлау науқаны үшін 70 миллион доллар жинап үлгерген. Мәсе­­лен, Обама штабы 42,8 миллион доллар тапса, Демократиялық партия­­ның ұлттық комитеті 27,3 миллион доллар шоғырландырған. Сәуір мен маусым айларын қоса есептегендегі сол аралықта жинақталған сома 86 миллион долларды құраған еді. Ал президенттікке Республикалық партиядан ықтимал кандидаттар айтарлықтай аз қаржы жинаған. Мысалы, Техас губернаторы Рик Перри сол мерзім ішінде бар болғаны 17 миллион доллардың ғана басын құрай алған. САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ Ресей Федерациясының коммунистік партиясы сайлауалды бағ­дарл­а­масын жариялады. Оның толық мә­тіні партияның сайтына орналасты­рылды. Коммунистер өздерінің бағ­дар­ламасында ел алдында тұрған 5 басты сынақты атап көрсетеді. Олар: орасан әлеуметтік теңсіздік, демографиялық апат, экономиканың құлдырауы, қорғаныс қабілетінің жоғалуы және рухани-адамгершілік азғындау. Осыған байланысты ком­мунистер өз бағдарламасын мына жүйе бойынша құрып отыр. Олар: жаңа үш сыртқы саяси бағыт, бес әлеуметтік ба­сымдық және жеті жаңа экономикалық саясат. ҚЫСҚА ҚАЙЫРЫП АЙТҚАНДА:  Бағдадта екі жарылыс жасалды. Оның салдарынан кем дегенде 16 адам опат болған. Соңғы кездері Иракта лаңкестік әрекеттер жиілей түсті. Мәселен, үстіміздегі жылдың тамыз-қыркүйек айларында ғана ел аумағында 424 адам көз жұмды. АҚШ грекиялық анархистерді дүние жүзіндегі қатерлі топ­тардың қатарына қосты. Өйткені, анархистер 2009 жылдан бері Грекия аумағындағы түрлі елдердің мемлекеттік мекемелерінде жарылыстар ұйымдастырып жүр. Куба басшылығы АҚШ-пен тұтқындар алмасудан бас тарт­ты. Америкалықтар АҚШ-та жансыздық жасағаны үшін сот­тал­ған кубалық Рене Гонсалесті Кубада 15 жылға түрмеге қа­малған өз азаматы Алан Гроссқа айырбастамақ болған еді. Ресейдің «Транснефть» компаниясы Қытайға көмірсутегі шикізатын жіберуді уақытша тоқтатты. Бұған Амур об­лы­сында орын алған жер сілкінісі себеп болды. Кейбір дерек көз­деріне қарағанда, оның қуаты 5,6 балл мен 6,4 балл аралығын құраған. Украинаның экс-президенті Леонид Кучманың бұрынғы кү­­зет­­­шісі, отставкадағы майор Николай Мельниченко АҚШ-қа қашып кеткен. Оның сөзіне қарағанда, ел билігі тарапынан қысым көрген секілді. Интернет материалдары негізінде әзірленді.