• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2011

125-ші отырысына қатысады

300 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 125-ші отырысына қатысады. Бұл парламенттік форум Берн қаласында (Швейцария) қазанның 16-сы мен 19-ы аралығында өтеді. Басқосудың бағдарлама­сын­да басқа да парламенттік шаралармен қатар, Ассамблея шең­берінде «Ядролық қару – апатқа әкелетін жол» тақырыбында пікірталас өтетіні көзделуде. Пікірталастар кезінде Орал Мұ­хамеджанов сөз сөйлейді деп күтілуде. Сондай-ақ бағдарламада Қа­зақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Парла­ментаралық Одақ Ассамблея­сы­ның форумына келген шетелдік делегация басшыларымен, оның ішінде Германия Бундестагының төрағасы Норберт Ламмерт, Жапония Парламенті Өкілдер па­латасының спикері Такахиро Йокомичи және Швейцария Кон­федерациясы Парламенті Ұлттық кеңесінің президенті Жан-Рене Жерманьемен екіжақты кездесулер өткізетіні де қарастырылған, деп хабарлады Мәжілістің бас­пасөз қызметі.