• RUB:
    5
  • USD:
    442.84
  • EUR:
    480.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Тамыз, 2017

Қазақстан халқы Ассам­б­лея­­сы Конституция кү­ні­мен құттықтады

809 рет
көрсетілді

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассам­б­лея­­сы Сіздерді Қазақстан Рес­пуб­­ли­касының Конституциясы кү­ні­мен құттықтайды!

Бұл күн біздің мемлекетіміздің де­мократиялық негіздерінің мыз­ғы­мас­тығын, адам құқықтары мен бостандықтарының салтана­тын, еліміздің болашағы үшін әр­қай­сымыздың азаматтық борышы­мыз бен жауапкершілігімізді с­е­зі­ну­ді білдіреді. Қоғамдағы бірлік пен келі­сім­нің арқасында біз қауіпсіз өмір сүріп, еңбек етеміз, отбасын құ­рып, балаларды тәрбиелеп, бо­лашағымызға жоспар құра ала­мыз. Конституция барлық құқық­тық жүйенің негізі бола отырып, Қазақ­станның тұрақты және дәй­екті дамуын қамтамасыз етеді. Ол әр адамның, бүкіл қоғамның шы­ғармашылық әлеуетін іске асы­ру­ға кең мүмкіндіктер ашады. Еліміздің Тәуелсіздік жылда­рын­да қол жеткізген табыстары, сондай-ақ біздің алдымызға қой­ған жоспарларымыз бен мін­дет­теріміздің ауқымы біз­дің Конс­титуциямыздың жасам­паз­дық әлеуетін бейнелейді.

2017 жыл қоғамымыздың жан-жақты терең жаңғыруына тың серпін берді. Ол ХХІ ғасырда біз­­дің халқымыздың жаһан­дық бә­секеге қабілеттілігін қам­та­ма­сыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда мемлекет, қо­ғам, әрбір азамат үшін басты мін­деттерінің бірі әуелі сананың жаң­­ғыруы болып табылады. Біз­дің реформаларымыздың табыс­ты жүзеге асырылуы рухани жаң­ғыруға, сондай-ақ ұлттық бір­лігіміз бен татулығымызды н­ығайтуға тікелей байланысты. Сананың ашықтығы мен өзге­рістерге дайын болу, бәсек­е­ге қабілеттілік пен прагмати­зм, бі­лімді болуға ұмтылу жә­не өз­ге­лерден үйрену қабі­леті, хал­қы­мызға тән асыл қасиет­тер­ді сақтау және ұрпақтар сабақ­тас­ты­ғын қамтамасыз ету рухани жаң­ғырудың нәтижесі болуы тиіс. 

Қымбатты қазақстандықтар! Осы айтулы мереке күні Сіз­дер­ге зор денсаулық, бақыт, құт-береке тілейміз! Әр шаңы­рақ­та бірлік пен келісім, ырыс пен ынтымақ орнасын, бұл мереке еліміздің болашағы мен Ота­ны­мыздың игілігі жолындағы мақ­саттарға қол жеткізуге күш-жі­гер беріп, сенімділік ұялатады! Елі­міздің іргесі аман, келешегі ке­мел болсын!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі