• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қыркүйек, 2017

Солтүстікқазақстандық спортшы паралимпиялық марафонда топ жарды

165 рет
көрсетілді

Паралимпиялық ойындарға қатысушы Олег Сысолятин Астанада өткен ірі халықаралық марафонда алтыннан алқа тақты.

Тірек-қозғалыс мүшелері зақымданған Олег байрақты жарыстарға 1984 жылдан бері үзбей қатысып келеді. Бірнеше мәрте жеңімпаз, жүлдегер атанды. Елорадада 42 шақырым 195 метр қашықтыққа жүгірген  5 мың спортшының арасынан сөреге бірінші болып келді. Оған алтын  медаль мен кубокты және ақшалай  сыйлықты  спорт және денешынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов  салтанатты түрде табыс етті. Күн сайын 28-30 шақырым қашықтыққа  жүгіріп жүрген Олегті алда  Уфа қаласында өтетін байрақты дода  күтіп тұр.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы