• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қыркүйек, 2017

Спортты қаржыландырудың жаңа үлгісі түсіндірілді

571 рет
көрсетілді

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті мен Мәдениет және спорт министрлігінің біріккен кеңесі өтті. Оған спорттың олимпиялық түрлері бойынша ұлттық федерациялардың жетекшілері қатысты.

Жиында Қазақстанда спортты қаржыландырудың жаңа моделіне сай, спорт түрлерін саралап қаржыландырудың ережесі түсіндірілді.

Кеңесте сөз алған ҚР ҰОК Бас хатшысы Данияр Абулгазин саралап қаржыландыру үлгісінің енгізілуі отандық дене шынықтыру және спорт саласының дамуына бағытталған жаңа қадам екендігіне тоқталды. «Мұндай модель спорты жоғары деңгейде дамыған Австралия, Германия, Франция және Ресей сияқты елдерде бар. Халықаралық Олмпиада комитетінің өзі саралау принципін халықаралық спорт федерацияларын қаржыландыру кезінде қолданады. Әрбір ел саралап қаржыландырудың критерий-талаптарын өзіндегі спорт саласы мен дене шынықтыру жүйесін қаржыландыру ерекшеліктеріне қарап анықтайды», – деп атап өтті Бас хатшы.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» спортты қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа заңға қол қойған болатын.

Егемен-ақпарат

 

Соңғы жаңалықтар