• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қыркүйек, 2017

Сағынтаев Пәкістан президенті Мамнун Хуссейнмен кездесті

321 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хуссейнмен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық қатынастар, сондай-ақ, отын-энергетикалық кешен, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

Өзара іс-қимылдың басымдықты бағыттары ретінде тау-кен өндірісі, түсті металлургия, машина жасау, энергетика, жеңіл өнеркәсіп, көлік және коммуникациялар салалары аталды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінің халықаралық көлік-логистика жүйесіне ықпалдасуы тұрғысынан Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасы мен «Жібек жолының экономикалық белдеуі» қытай бастамасын іске асыру тақырыбы қозғалды.