• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 10 Қыркүйек, 2017

Болат Мажағұлов джиу-джитсудан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

868 рет
көрсетілді

Қазақстанның Джиу-джитсу қауымдастығының Құрметті президенті Болат Мажағұлов джиу-джитсудың IBJJF желісі бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметі. 

Астана қаласы мәдениет басқармасының басшысы, сондай-ақ Қазақстанның джиу-джитсу қауымдастығының Құрметті президенті Жапония астанасы Токиода джиу-джитсудың IBJJF желісі бойынша өткен Азия чемпионатында қола жүлде иеленді.

Сонымен қатар Қазақстаннан тағы 4 спортшы халықаралық Asian IBJJF Jiu-Jitsu Championship турниріне қатысып, түрлі дәрежелерде жүлделерді алды.

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша, Қазақстан қоржынында 2 алтын, 1 күміс және қола медаль бар. Ең үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан басым түскен Рустам Малаев пен Асан Жүнісов Азия чемпиондары атанды.

Чемпионаттың күміс медалін Санат Шапашов жеңіп алды. Өзінің жоғары дәрежедегі шеберлігін көрсеткен Болат Мажағұлов чемпионаттың қола жүлдегерлері атанды. Жалпы Токиода IBJJF желісі бойынша өткен Азия Чемпионатына әлемнің барлық мемлекеттерінен жалпы саны 900 спортшы қатысты.