• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2017

Қазақстан мұсылман елдеріне азық-түлік экспортын ұлғайтуға әзір

316 рет
көрсетілді

ИЫҰ елдері аграрлық ғылымды дамытып, жаңа технологияларды енгізуі қажет. Бұл туралы бүгін Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Жасыл» технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастық үшін «Жасыл» технологиялар мен инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықтың мүмкіндігін пайдаланған жөн. Аталған орталық үш ай бойы әлем назарын елімізге аударған ЭКСПО-2017 көрмесінің базасында құрылатын болады. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі елордамызда «Болашақ энергиясы» деген тақырыппен өткенін білесіздер. Оған дүниежүзінің 115 мемлекеті мен 22 халықаралық ұйымы атсалысты. Олардың арасында сіздердің де елдеріңіз бар. ЭКСПО көрмесінде энергетика саласындағы жаңа идеялар, зерттеулер мен технологиялар көрініс тапты. Саммитіміздің осы көремінің аясында өтуінің символдық мәні бар деп білемін», - деді Президент.

Бұдан бөлек, Н. Назарбаев ИЫҰ елдері үшін аграрлық салада ынтымақтастық аса маңызды екенін атап өтті.

«Бәріміз бірлесіп аграрлық ғылымды дамытып, жаңа технологияларды енгізуіміз қажет. Бұл тек ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттігін арттыру емес, бұдан да тығыз интеграция мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының жұмысын белсенді қолдайтындарыңызға сенімдімін. Қазақстан өз тарапынан азық-түлікті көбейтуге, ислам елдеріне өнімді шығаруға барлық жағдайы мен мүмкіншіліктері бар. Бұл ұйымының штаб-пәтері жақында Астана қаласында өз жұмысын бастайтын болады», - деді Мемлекет басшысы