• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Парламент 12 Қыркүйек, 2017

Тоқаев Қазақстанды цифрландыруда Жапониямен ынтымақтастық орнатуды ұсынды

217 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Кеңесшілер Палатасы Шет елдерді дамытуға ресми көмек жөніндегі Арнайы комитеттің төрағасы Сигэки Иваи бастаған делегацияны қабылдады. 

Қ.Тоқаев екіжақты қатынастардың негізі мақсаттар мен құндылықтар ортақтығынан, сондай-ақ екі елдің көшбасшылары арасында орнаған сенімді үнқатысудан құралатынын атап өтті.

Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға қатысуды, сондай-ақ БҰҰ аясындағы «Жасыл» технологияларды дамыту жөніндегі орталықты қолдауды ұсынды.

Сенат басшысы Астанада халықаралық қаржы орталығын құру жөніндегі жұмыстар туралы жапон делегациясын хабардар етті. «ЭКСПО-2017 аясындағы Орталықтың қатысушыларына бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалады, Астана халықаралық қаржы орталығында британ құқықтарының қағидаттарына негізделген сот жүйесі қызмет ететін болады. Осыған байланысты жапондық әріптестерді жаңа халықаралық қаржы құрылымының жұмысына атсалысуға шақырамыз», - деді Қ.Тоқаев.

С.Иваи қазақстандықтарды ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің табысты өтуімен құттықтады. «Бұл тарихи оқиға. Көптеген елдер болашақтың энергия саласында білімімен және тәжірибесімен алмасудың тиімді мүмкіндігіне ие болды», - деді ол. Жапон парламентшісі 2025 жылы Осака ЭКСПО халықаралық көрмесін қабылдағысы келетінін айта келіп, Жапония кандидатурасын қолдау жөніндегі өтінішін жеткізді.

Қ.Тоқаев Қазақстанның парламентаралық байланыстарды дамытуға мүдделі екенін атап өтіп, жапон әріптестерін сапар алмасуды жиілетуге шақырды.