• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қыркүйек, 2017

Халықаралық экспедиция бүгін Жезқазғаннан Ұлытауға аттанды

392 рет
көрсетілді

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) ұйымдастыруымен қазақстандық және шетелдік бір топ ғалымдар мен зерттеушілер, тілшілер «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» ІІІ халықаралық экспедициясы жолға шыққан болатын. 

Астанадан аттанған экспедиция кеше Жезқазғанға жетіп, аялдаған. Құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркия, Моңғолия сынды бірнеше елдің тарихшы, жазушы, журналистері бар топ бүгін Жезқазғаннан Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл кесенелеріне аттанды.

Аталған экспедиция Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында қолға алынып отыр. Академия басшысы Дархан Қыдырәлі бастаған құрам Ұлан-Батыр қаласынан басталған сапарды Ұлытауда аяқтамақ.

Естеріңізге сала кетсек, Түркі академиясы 2017 жылдың 15 тамызынан 17 қыркүйегіне дейін Моңғолия және Қазақстан аумағынан өтетін «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты кезекті ІІІ халықаралық экспедициясын ұйымдастырған болатын. Моңғолиядағы Кентай аймағынан бастау алған экспедиция 15-16 қыркүйек күндері Ұлытаудағы Алаша хан мен Жошы хан кесенелерінің басында қорытындыланады.

Екі күндік экспедицияға шыққан топ енді Ұлытау ауданының орталығы мен Сәтбаев қаласында болып, кездесулер өткізеді.