Кеше Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Ресей Федерациясына жұмыс сапары аяқталды. Сапар барысында Кәрім Мәсімов ЕурАзЭҚ елдері Үкімет басшыларының шағын құрамдағы кездесуіне қатысты, онда Кеден одағының қызметі және Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің Біртұтас экономикалық кеңістігін құру мәселелері талқыланды.
Одан соң Қазақстан Премьері қорытындысы бойынша 15 құжатқа қол қойылған ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің кеңейтілген отырысына, Кеден одағы жоғарғы органының мәжілісіне қатысты. Кеден одағының қызметі мен Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің Біртұтас экономикалық кеңістігін құру мәселелері талқыланған бұл мәжілістің қорытындысы бойынша да бірқатар құжаттарға қол қойылды.
«Егемен-ақпарат».