Мыңғырған қазағымның төрт түлігі, Жайлау мен жазирада өтті күні. Киесі – Шопан ата, Шекшек ата, Сауылдап төбесінен өпті нұры. Құты да, қыдыры да малмен бірге, Шырайын құрт-ірімшік әрлендірген. Қазақтың қой-ешкісі қандай жақсы, Сүтімен сүйегіңді нәрлендірген.
Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»
Жобаның жүргізушісі Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»