• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 11:30

Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді

20 рет
көрсетілді

2-4 сәуір аралығында Қазақстан аумағында ауа райы айтарлықтай құбылмалы болады. Елдің бірқатар өңірінде көктемнің жылы әрі құрғақ ауа райы сақталғанымен, батыста және кейіннен басқа аймақтарда жауын-шашын, найзағай және екпінді жел күтіледі, деп жазады Egemen.kz.

Атап айтқанда, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады.

Ал батыс өңірлерге оңтүстік циклон әсер етеді. Соның салдарынан мұнда ауа райы тұрақсыз сипат алып, жаңбыр мен жел күшейеді. Циклон шығысқа қарай жылжыған сайын оның ықпалы кеңейіп, солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда найзағайлы жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер жауын болуы мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, кей өңірлерде желдің күшеюі және күндіз солтүстік-батыста бұршақ түсуі ықтимал. Сонымен қатар түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі күтіледі, бұл көлік қозғалысына әсер етуі мүмкін.

Еске салайық, 1 сәуірде елімізде 30 градус ыстық болған.

Күндізгі температуралық көрсеткіштер де өңірлерге қарай әртүрлі болады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте ауа температурасы +15…+25°С-тан +12…+20°С-қа дейін төмендейді, ал оңтүстікте +27…+32°С-тан +18…+25°С-қа дейін салқындайды.

Батыс өңірлерде керісінше, +13…+20°С-тан +18…+25°С-қа дейін жылынады, бұл циклонның әсерімен байланысты. Шығыста температура +18…+26°С шамасында көтеріледі, ал орталық өңірлерде +15…+25°С деңгейінде тұрақтайды. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы +25…+30°С шамасында сақталады.

Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Соңғы жаңалықтар