• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қыркүйек, 2017

Сенаторлар Атырау облысында болды

392 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев бастаған комитет депутаттары 2017 жылғы 18-19 қыркүйекте Атырау облысында көшпелі отырыс өткізді.

Комитет мүшелері С.Еңсегенов, М.Бортник, М.Жолдасбаев, Ә.Құртаев, М.Көбенов, Е.Мамытбеков, Е.Сұлтанов, Ғ.Дүйсенбаев жұмыс сапары барысында барлық мүдделі тараптардың қатысуымен Солтүстік Каспий инновациялық даму жобасы және «Ұлттық индустриялық мұнайхимия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының қызметі мәселелері бойынша ашық тыңдау өткізді.

Көмірсутегі шикізатын 4-5 шегіне дейін терең өңдеуді дамыту арқылы полимер өнімдерінің өндірісін өзіндік құны жоғары технологиясы тізбегін толық аяқтау арнайы экономикалық аймақты дамытудың негізгі бағыттары болып табылады. Олардың қатарына негізгі ауыр салмақты өнімдер шығаратын кәсіпорын да, машина-аспап жасау, халық тұтынатын тауарлар мен құрылыс саласының ауқымды өнімдерін өндіретін шағын және орта бизнес кәсіпорындары да кіреді.

2008 жылдан бері «Ұлттық индустиялық мұнайхимия технопаркі» арнайы экономикалық аймағына қатысушылар 234,4 миллиард теңге инвестиция әкелген болатын, оның ішінде: «Kazakhstan Petrochemical IndustriesInc» ЖШС - 77 908 миллион теңгені, «Polymer Production» ЖШС - 15 724,4 миллион теңгені, «KLPE» ЖШС - 37 833 миллион теңгені, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС -103 миллиард теңге құрады.

Депутаттарға арнайы экономикалық аймақтың жаңа нысандары және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы аймаққа инвестициялық капитал тарту мүмкіндіктері таныстырылды.

Сенаторлар Атырау облысының инвестициялық тартымдылығын атап өтіп, мемлекеттік-жекеменшік әріптесті дамыту әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға жаңа серпін беретініне және бизнестің мемлекетпен ұзақ мерзімді әрі тепе-тең ынтымақтастығына ықпал ететіне сенім білдірді.

Мұнай мен газды кешенді түрде дайындайтын «Болашақ»  қондырғысының жұмысшыларымен «Самал» вахталық ауылында болған кездесуде индустриялық даму және экономиканы жаңғырту мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Сенаторлар сондай-ақ Қашаған кенішіндегі мұнай өндіруге және жер қойнауына газды кері айдауға арналған «Д» жасанды аралында – теңіз операциялары орталығының, түйіршіктелген күкірт өндіретін зауыттың жұмысымен танысты.

Депутаттар Махамбет ауданында «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай-қорығымен, Атыраумен қатар еліміздегі және Ресейдің көшілес облыстарын да сапалы өнімдермен қамтамасыз ететін  «В.Разметов» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Ауыл еңбеккерлерімен аймақтағы агроөнеркәсіп саласын дамыту келешегі және «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Депутаттар Атырау облысындағы жұмыс сапарын құрамына мұнай мен газдың ірі кеніштері: Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайраң, Ақтоты және Оңтүстік-Батыс Қашаған енетін Солтүстік Каспий ерекше жобасының нысандарын аралаумен қорытындылады. Мұнда өндірілетін өнім 13 миллиард баррельге (2 миллиард тонна) дейін жетеді.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев сапарды қорытындылай келіп, Ұлт көшбасшысының Қазақстанды үшінші жаңғырту бастамасына сәйкес, елімізді стратегиялық дамытуда инновациялық және өнеркәсіптік өркендеудің басымдықтарын іске асыру барысында аймақтың әлеуеті толық ашылатынына сенім білдірді.