• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2011

Қазақстан тарабы толық қолдайды

385 рет
көрсетілді

Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласында Қазақстан Рес­публикасы Парламентінің Мәжілісі мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші арасындағы ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссияның екінші отырысы болып өтті. Аталған отырысқа Мәжіліс Төр­ағасының орынбасары Жәні­бек Кәрібжанов бастаған құра­мын­да депутаттар Құрманғали Уәли, Тұрарбек Асанов, Уәлихан Қоңыр­баев, Амангелді Момышев, Ермұ­ха­мет Омаров және Жексенбай Дүйсенов бар қазақстандық делегация қатысты. Парла­мент­ара­лық комиссияда миграция, шек­аралық бақылау, екіжақты келісімдерді ратификациялау және өзге де мәсе­лелер кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, қазақстандық парламенттік делегация «Тәуелсіз Қыр­­ғызстанның қалыптасуын­да­ғы пар­ламенттің рөлі» атты ха­лық­аралық конференцияға да қа­тыс­қандығын айта кету керек. Аталған халық­аралық шараға ТМД, Грузия, Иран парламентінің мүшелері, дипломатия өкілдіктері мен халық­ара­лық ұйымдардың бас­шылары және ғалымдар қа­тыс­ты. Жинал­ған­дарды Қырғыз­стан Президенті Роза Отунбаева мен Жогорку Кенеш спикері Ахматбек Келдибеков ерекше ықы­лас­пен қарсы алды. Қырғызстан тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығына орай­лас­ты­рылып отырған аталған жиын­да Парламентаралық комиссия төр­аға­­сының орынбасары – екі парламент арасындағы достық депутат­тық тобының жетекшісі Құрманғали Уәли құттықтау сөз сөйледі. Депутат осы ретте Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешіне Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың кандидатурасын «Ядролық қарусыздану үдерісіндегі әлемдік көшбасшылық және халық­аралық қауіпсіздікті нығайту» бо­йын­ша 2012 жылғы Нобель сый­лы­ғына ұсыну туралы бастамасы үшін Парламент Мәжілісі атынан үлкен алғысын жеткізді. «Қазіргі таңда Қырғыз Республикасы демо­кра­тиялық даму жолындағы маңызды саяси кезеңге аяқ басып отыр. Үсті­міздегі жылы 30 қазанға жос­парланған президенттік сайлау – келісім мен саяси тұрақтылықтың жарқын көрінісіне және қырғыз халқының бірлігінің жеңісіне ай­налатынына сенімдіміз», деді ол өз сөзінде. Қырғызстан басшылығы мен Жогорку Кенешінің елдегі ішкі сая­си тұрақтылықты сақтау мен ұлт­тық экономиканы дамытуға ба­ғытталған шараларын Қазақстан тарапының толыққанды қолдай­ты­ны және алдағы президенттік сайлаудың Қырғыз Республи­ка­сын­дағы барлық саяси күштердің тиімді ынтымақтастық пен ықпал­дастық сарынында өтетіндігіне зор сенім білдіріп отырғандығы да назардан тыс қалған жоқ. Шара аясында қазақстандық делегация Жогорку Кенеш Төр­аға­сы Ахматбек Келдибековпен кездесті. «Егемен-ақпарат».