• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қыркүйек, 2017

Ақжайық ауданында 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды

245 рет
көрсетілді

Ақжайық ауданында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында биылғы сегіз айда 809 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы аудан әкімі Әділ Жоламанов мәлім етті

Аудан басшысының айтуынша, әлеуметтік жұмыс орындары бойынша сегіз айда 139 адам шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге жұмысқа жолданды. «Жастар тәжірибесі» бойынша 72 жас маман жолданып, олардың 13-і тұрақты жұмысқа орналасты. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 98 маман сұраныс берсе, сегіз айда соның 69-ына 10,9 млн теңге көтерме жәрдемақы және 40 адамға 124,3 млн теңге бюджеттік несие берілді. Сұранысқа сәйкес 29 маманға 90 млн теңгедей қаржы қажет.

Жыл басынан бері үш рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, 166 адамның 126-сы жұмыс орнын тапты. Сонымен бірге 27 мүгедек жұмысқа орналасты. Күні бүгін 257 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыссыздық деңгейі 1 пайызды құрап отыр.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес барлық көзделген жұмыстар уақтылы атқарылуда.

Айта кетейік, биылғы аудан бюджеті 6 млрд 669 млн теңге көлемінде бекітілсе, кейін нақтылау барысында 7 млрд 955 млн теңгеге жетті. Сегіз айда 803,4 млн теңге салық түсіп, жоспар 98,9 пайызға орындалды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1313,8 млн теңгеге жетсе, негізгі қаржыға жеті айда 640,8 млн теңге инвестиция қосылды. 

Экономикасы мал шаруашылығына негізделген ауданда ірі қара 83,1 мың, ұсақ мал 257,7 мың, жылқы 32,0 мың басқа жетті. «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биыл 7 шаруа қожалығы 153,4 млн теңге, «Құлан» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы 95,0 млн теңге несиеге қол жеткізді. Қазіргі таңда аудан бойынша ірі қара өсіретін 30, жылқы малын - 6,  қой  өсіретін 2 асыл тұқымды шаруашылықтар бар. Биылғы жылдың аяғына дейін әр ауылдық округте мал бордақылайтын кооператив құру бағытында жұмыстар жүргізілуде.