• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қыркүйек, 2017

Сағынтаев Халықаралық Валюта Қорының өкілдерімен кездесу өткізді

175 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Халықаралық Валюта Қорының Қазақстан бойынша миссиясының Басшысы Марк Хортонмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында макроэкономикалық және салық-бюджет саясаты, банк секторының қызметі бойынша ХВҚ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, тараптар «Нұрлы Жол» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары ауқымды бағдарламаларын, жекешелендіру бағдарламасын іске асыру барысын және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жобасының перспективаларын талқылады.

Анықтама: 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ХВҚ-дан материалдық көмек алу құқығын пайдаланды. Экономика дамуының оң серпінінің арқасында Қазақстан Республикасы ХВҚ несие желілері бойынша міндеттемелерін 2000 жылғы 24 мамырда өтеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан ХВҚ-дан қарыз алуды жоспарламайды. Елдің Қормен өзара іс-қимылында макроэкономика, ақша-несие және қазыналық саясат саласындағы үздік кеңесшілермен жұмыстағы ХВҚ тәжірибесін зерттеуді ескере отырып, техникалық көмек тартуға баса көңіл бөлінеді.