1-4 қараша аралығында Алматы қаласында «Amanat musiс» атты Республикалық конкурс-фестивалі өтеді.
Шара «Алатау» дәстүрлі өнер театрының құрылғанына жыл толуына, сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәуле Жанпейісованың жетекшілігімен ашылған «Аманат» өнер орталығының бір жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты дарынды жастарға шығармашылық қолдау көрсетіп, патриоттық сезімдерін асқақтату.
Конкурс-фестиваль төрт номинация бойынша өтеді: дәстүрлі ән, жыр-терме (ұлттық аспап сүйемелімен жеке орындау); халық аспаптарында жеке күй орындау; эстрадалық вокал (жеке орындау); халықтық ансамбльдер (дуэт, трио, квартет, т. б., 15 адамға дейін).
Байқауға республикамыздың барлық облыстарының және Алматы, Астана қалаларының 5-25 жас аралығындағы өнерпаздары қатыса алады.
Қазылар алқасының құрамы мәдениет және өнер қайраткерлерінен, сонымен қатар кәсіби мамандардан тұрады.
Қатысу ережелерімен www.amanat-music.kz/konkurs сайтынан оқи аласыз.